Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн.теңге бөледі.
Қазақстан Республикасындағы өте күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн.теңге бөлінгені туралы хабарлайды. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді
"Табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға жанашырлық пен қолдау сөздерін білдіреміз. Ел басшылығы, құзыретті мемлекеттік органдар, еріктілер мен азаматтар адам құрбандарын тоқтату мен алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою үшін қажет нәрсенің бәрін жасап жатыр. Біз осы жұмысқа қосыламыз және апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға барынша көмек көрсетеміз", - деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.
Анықтама үшін: Kustohelp қайырымдылық қорын Kusto Group халықаралық компаниясы құрды. Қор Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына 1 млрд.теңгеден астам мөлшерде көмек көрсетуге белсенді қатысты.